KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Аусылдан зардап шеккендерге өтемақы төленетін болды

23.02.2012, 18:00 145


Үржар ауданынан аусыл ауруы шы-ғып, ағайынның алашапқын болғанына біршама уақыт болып қалды.

Өткен жылдың желтоқсан айында тіркелген бұл індет әсіресе Бақты, Қаратұма, Үржар ауылдық округтерінде көп байқалған болатын. Сол кезде ветеринария заңына сай ауырған және ауру ошағының маңайында болған айыр тұяқты малдың түгелінің көзі жойылған еді. Нақтырақ айтсақ, Бақтыда – 377 ірі қара мен 583 қой-ешкі, Қарабұтада – 240 ірі қара мен 440 ұсақ мал, Үржарда 490 сиыр мен 768 ұсақ малдың көзі жойылған-ды.
Қазір Үкімет жойылған малдың өте-мақысын төлеудің қамына кірісіп отыр. Осы мәселеге байланысты жуырда ауданға Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Нығмет Жақупбаев, облыс Әкімінің орынбасары В.Кошелев, облыс бойынша инспекция бастығы Кенжеғазы Тоқтасынов келіп, аудан әкімшілігінде індеттен зардап шеккен үш ауылдың тұрғындарымен жүздесіп, мұң-мұқтажын тыңдады. Аудан әкімі Бауыржан Жанақов Астана мен облыс орталығынан келген азаматтарды өңірде орын алған жаймен таныстырды.
– Бұл мәселе қазір баршамызға белгілі. Бүгінгі күні мал өніміне қарап отырған кейбір отбасының тігерге тұяғы қалмады. Тек, еті мен сүтін сатып, бала оқытып, күнін көріп отырғандар бір-ақ күнде таяғын
ұстап қалды. Сондықтан енді жойылған
мал үшін өтемақы төлеу мәселесімен бір-неше азамат келіп отыр, – деді аудан басшысы.
Республикалық ветеринария бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы орын алып отырған жағдайдың бүге-шігесіне дейін білетінін, кешігіп жатқан малдың өтемақысының жай-жапсары туралы:
– Елімізде өткен жауапты науқан – сайлауға байланысты жоғарыда болған ауыс-түйістер бұл мәселені сәл кейінге шегерді. Алайда, сәтін салса, бұл мәселенің жуық арада толық шешілеріне сіздерді сендіргім келеді. Қаржы тікелей республикадан келмек, – деді ол.
Бірақ, «Алғабас» асыл тұқымды мал шаруашылығы қожалығының жетекшісі Мәулітбек Қалиев, мал дәрігері А.Ыдыры-шев бүгінгі күні әр бас жай ірі қараға 180 мың, ұсақ малға төленер 25 мың теңгенің асыл тұқымды мал үшін жетімсіздеу екендігіне қынжылыс білдірді. Бұдан өзге жиналғандардың алдында облыс бойынша инспекция бастығы К.Тоқтасынов, облыс Әкімінің орынбасары В.Кошелев осы мәселеге байланысты өз ойларымен бө-лісті.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив