KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Жапонияда цунамиден қорғануға арналған «Нұх кемелері» жасалады

22.02.2012, 18:00 135


Жергілікті халықты цунами соққысынан қорғау үшін Жапонияның жағалаулы аудандарына арнайы «Нұх кемелері» қойылады.

Өткен жылдың наурызындағы 9,0 балдық жер сілкінісінен кейін жағалаулардағы елдімекен тұрғындарын цунамиден құтқарудың мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты Жапония билігі күшті цунами қайталанған жағдайда халықты аман алып қалу үшін қосымша қаражат бөліп, «Нұх кемелерін» жасауды жоспарлауда.

Арнайы құтқару кемелері 20-дан 50 адамға дейін тасымалдай алады және бортында азық-түлік қоры мен өзге де қажетті заттар болады. «Нұх кемелері» мектептер мен қарттар үйі аймағына орнатылады. Цунами қаупі туралы ескерту алған жағдайда адамдар құтқару кемесіне отырып, онда бірнеше күнін өткізе алады.

Таяу айларда Жапонияның көлік министрлігі құтқару кемесінің жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив