KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Ертісбаев құқық қорғаушылардың Козлов пен Винявскийді босату талабын негізсіз деп есептейді

22.02.2012, 18:00 153


Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев халықаралық құқық қорғаушылардың тұтқындалған қазақстандық оппозициялық белсенділер- тіркелмеген «Алға» партиясының көшбасшысы Владимир Козлов пен «Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявскийді босату талабын негізсіз деп есептейді.

«Мен оларды оппозиция белсенділері деп есептемеймін. Бізде Серікболсын Абдильдин немесе Жармахан Тұяқбай оппозициялық қызметпен айналысатын, президенттік сайлауға үміткер ретінде қатысатын адамдар бар. Олар Назарбаевты, саяси жүйені сынайды, мемлекет басшысының стратегиялық курсын қабылдамайды. Конституция және заңдар аясында сынайды. Оларға ешкім тиісіп жатқан жоқ», - деді «Литер» газетіне берген сұхбатында Ертысбаев.

Дегенмен, мемлекет басшысының кеңесшісі Тұяқбай рұқсат етілмеген митингтер өткізумен байланысты заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді бұзғанда сот оған ақшалай айыппұл салды.Соңғы оқиға Әбілов пен Қосановқа қатысты. «Алайда,жалпы алғанда оппозициялық саясаткерлердің көбі қазақстандық заңнаманы сақтайды», -деп атап өтті ол.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив