KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Хоккей ардагерлері артынып-тартынып келіпті

21.02.2012, 18:00 139


Кеше «Хоккей әуесқойлары клубы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Геннадий Корешков бастаған ардагерлер Өскемендегі балалар мен жеткіншектердің «Мечта» аула клубына он бес ойыншыға арналған бір миллион теңгенің хоккей киім-кешектері, конькилер мен имек таяқшалардың толық жиынтығын сыйлады.

Согра ықшамауданындағы №23 орта мектептің оқушылар командала-ры хоккей жарыстарына белсенділік-пен қатысып келеді.
«Мечта» аула клубының педагог-ұйымдастырушысы Гүлнар Оразиманова қамқоршыларға алғысын айтып, қала орталығынан шалғайда жатқан шағын ауданда хоккейді дамытуға өз ұжымының да үлес қосатынына сенім білдірді.
№23 орта мектептің оқушылары Александр Ольков, Алексей Ольков, Антон Шаламов, Тимофей Линченко және басқалары хоккейшілер киімін киіп көріп, ардагер хоккейшілерге риза болды.
Хоккей әуесқойлары клубы қазіргі уақытта мектептердің клубтық командаларын спорттық керек-жарақтармен қамтамасыз етуді ұйымдастырумен айналысуда. Бұл тұрғыда өздері бастама көтеріп, демеушілер тауып, ізгілікті істерін жалғастырып жатыр. «Қазцинк», «Қазгипроцветмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшы-лары, жеке кәсіпкер Сергей Коротин ардагер хоккейшілердің бастамасын қолдап, қаржылай көмектесуде.
– Біз балалардың аула хоккейімен айналысуы жөнінде шешім қабыл-дадық. Бүгінгі таңда қалада 40-қа жуық әртүрлі хоккей қорапшалары орнатылған мұзды алаңдар бар. Сол алаңдарда балалар және мектептер арасында жарыстар ұйымдастырып өткізуді қолға алдық, – дейді аталған басқарманың мүшесі, әйгілі хоккейші Дмитрий Корешков.
Былтыр аула клубтарының коман-далары арасында «Алтын шайба» жүлдесі үшін өткен жарыстарға 30 мектептің командасы қатысыпты. Он бес жылғы үзілістен кейін осынша команданың қатысуы қаладағы аула хоккейін жандандырып, қайта өрлеуіне жол ашқан. Олимпиада чемпионы Борис Александров, әлемнің бірнеше мәрте чемпионы Евгений Поладьев сынды саңлақтар хоккей ойнауды аула клубтарында бастаған.
Биылғы «Алтын шайба» жүлдесіне арналған жарысты кіші топ – 1–4 сынып оқушылары, орта топ – 5–7 сынып оқушылары, ересек топ - одан жоғары сынып оқушылары арасында өткізіп жатыр. Мәселен, бірінші ойынға 5-6 бала қатысса, екінші ойынға 15 бала келіп, өз командалары құрамында хоккей ойнаған. Қазіргі кезде олардың саны көбейіп, хоккейге деген ынтасы да арта түсті.
Хоккей әуесқойлары клубы бұған дейін де №4 мектепке – 22, №44 мектепке – 15, Борис Александров атын-дағы аула хоккей клубына – 15 хоккей керек-жарақтары жиынтықтарын, №10 мектепке 10 жұп коньки сыйлапты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив