KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Енді қонақтар қашан келеді екен?

21.02.2012, 18:00 197


Ауылдың шетіндегі өзеннен күні бойы балық аулап, шаршап-шалдығып үйге жақындағаным сол, алдымнан сіңлім жүгіріп шық-
ты.
– Қонақтар келді, – дейді. Өзінің қолында бір уыс әдемі, жылтыр қағазға оралған кәмпиттер бар. Бір кәмпит сұрап едім, бермеді жаман қыз. Десе де қонақтардың келгеніне іштей қуанып кеттім. Бүгін шешем маған күні бойы қайда жүрсің деп ұрыспайды. Рахат. Қонақ келген күн біз үшін бір мейрам. Шынында да төргі үйден қонақтардың көңілді даусы шығады. Аяғымның ұшымен ақырын басып, есіктен сығаладым.

– Келе ғой, келе ғой...
Қонақтардың бірі мені байқап қалыпты. Кері қашатын емес, ішке еніп, мені шақырған мосқалдау әйелдің қасына жақындадым. Бетімнен сүйді. Білемін, үсті-басым балық сасып тұр.
– Атың кім, қарғам?
– Айкүміс.
– Қандай әдемі есім... Өзің де Айкүміс десе, Айкүміс екенсің. Кел, отыршы қасыма, шай ішші...
Күн ұзақ балалармен қосы-лып, балық аулаймын деп, нәр сызбағаным енді есіме түсті. Дастарқанға қол созып, томпиып піскен бауырсақтың екі-үшеуін соғып жібердім. Содан кейін көзім кәмпиттерге түскен. Кәмпиттерді де бірінен кейін бірін армансыз соғып отырмын. Шіркін, үйге жиі-жиі осылай қонақтар келе берсе ғой...
Мені құрметтеп қасына отыр-
ғызған әйелге аса бір риза кө-ңілмен қарап қоямын. Өзі әжем-
нің Қарағанды жаққа тұрмысқа шыққан сіңлісінің қызы екен. Ақжарқын жан екені түрінен көрініп тұр. Ана бір бұжыр бет қонақ оның күйеуі көрінеді. Бір мезетте анамның маған ұнатпай қа-рап отырғанын байқадым. Білемін, маған ұрысқысы келіп отыр... Көр де тұр, қонақтар кеткен соң, «Үйге қонақ келсе болды, құтырып кететіндерің не? Қонақтың алдына қойған кәмпитке жауша тидіңдер ғой» деп жанымды шығарады. Мына қонақтар өзі бүгін үйге қона ма екен, әлде жоқ па? Екі-үш күн қонса, жақсы болар еді. Кешкісін әкем қонақтардың құрметіне мал сойды. Біз де былқылдап піскен етке бір тойып қалдық. Үлкендер түннің бір уағына дейін әңгіме соқты.
...Таңертең оянғанымда қонақ-тар кетіп қалыпты. Үйдің іші біртүр-лі қаңырап бос қалғандай көрінді маған. Біртүрлі дастарқанның да сәні жоқ секілді. Кешегі көздің жауын алатын тәттілерді анам әлдеқашан сандыққа тығып тас-тапты. Енді біздің үйге қонақтар қашан келеді екен? Сол сәт ыстық шайды сораптап отырған сіңлімнің де көзінен осы бір ойды оқығандай болдым.

Мейрамтай Иманғали




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив