KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Жас әнші жартылай финалға жолдама алды

21.02.2012, 18:00 219


Семейдегі физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Іңкәр Нәдірбекова «Айгөлек» республи-калық телебайқауының 1-ші және 2-ші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

«Айгөлек» республикалық теле-байқауына еліміздің облыстарынан отызға жуық жас өнерпаздар қатысқан болатын. Байқауда Іңкәр Мақпал Исабекованың «Мен жайлы» және «Кешью» тобының «Әдемі қыз» әндерін орындады. Таланттардың өнерлерін әнші Айгүл Иманбаева, хореограф Тәуіржан Рахатұлы, дизайнер Жадо сияқты елге танымал адамдар бағалады.
Қазір Іңкәр «Выше радуги» сту-диясының мұғалімі Наталья Чураковамен, шығармашылық жетекшісімен бірге бірінші наурызда өтетін «Ай-
гөлек» республикалық телебайқауы-ның жартылай финалына дайындалу үстінде. Бұл жолы ол өнерсүйер қауымға халық әні «Япурай» мен авторлық «Сүйемін әр күнімді» әнін ұсынбақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив