KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде пойыз билетін сататын терминалдар бар ма?

19.02.2012, 18:00 160


– Астана, Алматы сияқты ірі қалаларда кассадағы ұзын-сонар кезекті күтпей-ақ теміржол билетін әп-сәтте алатын терминалдар бар екен. Бұл қолайлы қызмет түрі өңірімізде қашан көрсетіледі екен?

Шыңғыс Мұқтарұлы

Өскемен.

Бұл сұраққа Защита вокзалы бас-
тығының кезекші көмекшісі К.Акпы-шева жауап береді:
– «Жолаушылар тасымалы» акцио-нерлік қоғамы халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында биылғы 10-қаңтарда еліміздегі ең ірі қалалар-дағы теміржол вокзалдарының ғимарат-тарына транзакциялық қызмет көрсету терминалдарын орнатты.
Жаңа технологияға негізделген бұл автомат арқылы кез келген жолаушы кезекке тұрмай-ақ, халықаралық және республика аумағында жүретін пойыз-дарға билет сатып ала алады. Еліміздің Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Тараз, Семей және Өскемендегі Защита теміржол станциясы 15 терминалмен қамтамасыз етілді.
Автоматтар екі түрлі қызмет көрсе-теді: біріншісі – жолаушы қажетті станцияны, пойыздың шығу уақытын, вагон түрін, орнын өз қалауы бойынша таң-
дап, жолақысын банк карточкасымен төлейді.
Ал екінші қызмет түрінде билеттер ғаламтор немесе басқа терминал арқылы алдын ала тапсырыс беріліп, ақысы төленген электронды билеттердің 14 таңбалы тапсырыс номері (токен) мен жеке бас куәлігінің номері арқылы босатылады. Мұндай терминалдар Астана, Алматы, Қарағанды мен Ақтөбеде былтырдан бері іске қосылған еді. Сол уақыттан бері жұртшылық көңілінен шыққан «сиқырлы құрылғыдан» 50101 билет сатылыпты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив