KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Жаңа төраға сайланды

19.02.2012, 18:00 89


Семей қалалық ардагерлер кеңесіне жаңа төраға сайланды.

Жаңа орынға еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған, кеңшар директоры, партия комитетінің хатшысы, облыс Әкімінің кеңесшісі сияқты жауапты қызметтер атқарып, қазір еңбек демалысында жүрген Амантай Доғалақовты лайық деп тапты.
Қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаеваның қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста ардагерлер кеңесінің мүшелері бұл ұсынысты бір ауыздан қолдап, Амантай Доғалақовтың кандидатурасы бекітілді. Ал осы саланы ұзақ жылдар бойы басқарған Рафик Хасенов ақсақалды әріптестері құрметпен шығарып салды.
Ол кісі ардагерлер кеңесін жеті жыл бойы сәтті басқарып, өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарды. Айта кетейік, қазір Семейде ардагерлердің 137 бастауыш кеңесі тіркелген.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив