KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Мәскеуге дейін әйгілі еттіңдер емес пе...

16.02.2012, 18:00 150


Бір совхозда директор болып тұрғанда сол жердің үш-төрт азаматы Әзімжанмен қатты айналысса керек. Бұрқыратып домалақ арызды аудан, облысты қойып, Мәскеуге дейін жазады.

Қаншама комиссия келіп, тексеру жасағанымен, фактілер расталмайды. Дегенмен, мұның жүйкені жұқартып, шашты ағартатын машақат екені белгілі ғой. Жазғыштардың кім екенін жақсы білсе де, Әзекең сыр бермей жүре береді. Күндердің күнінде бір үйде дәм жолықтырып, әлгілермен дастарқандас болып қалады. Олардың бірі директорға арнап тост көтеріп, бірқатар мақтау сөздер айтады. Сөзінің соңында:
- Әзеке, сіз атақты адамсыз. Сізді біз қатты кұрметтейміз, - деп төгіледі. Сонда Әзімжан:
- Рахмет, жігіттер! Атақты болсам, соның бәрі сендердің арқаларың. Ауыл түгіл Мәскеуге дейін әйгілі еттіңдер емес пе, - деген екен. Аналар біріне-бірі қарап, мелшиіпті де қалыпты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив