KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Лондонның Жоғары соты М.Әбіләзовты бірқатар қылмыстар бойынша айыпты деп таныды және оған түрмеге қамаудың үш мерзімін тағайындады - ҚР Бас прокуратурасы

16.02.2012, 18:00 83


Бұдан бұрын хабарланғандай, прокуратура органдары М.Әбіләзовтың қылмыстық қызметімен байланысты қылмыстық істерді тергеуде, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Сотта қаралып қойған БТА Банкінің қаражаттарын ұрлау фактілеріне қатысты қозғалған 3 қылмыстық іс бойынша 18 адамға қатысты айыптау үкімдері шығарылды.

Қазіргі таңда өткен жылдың наурыз айында 42 эпизодпен 22 тұлғаға қатысты жолданған қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғастырылуда.

Арнайы прокурордың басшылығымен БТА Банкінен Әбілязовпен және оның қылмыстық тобының мүшелерімен 5 млрд.-тан астам доллар ұрлау фактісімен қозғалған 46 қылмыстық іс тергелуде.

Олардың ішінде шетел инвестицияларын тарту мақсатында Банк капиталы жасанды толтырылып, кейіннен Әбіләзов ұрлаған факті бойынша да қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Сонымен қоса, БТА Банкімен Лондонның Жоғары Әділет Сотында талап қою жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні Әблязовқа және банктің бұрынғы басшыларына (Р. Солодченко мен Ж. Жарымбетовқа) жалпы сомасы 5 млрд. АҚШ долларына 8 талап қойылды.

Азаматтық істер аясында Банк Әбіләзов сотқа өтірік айтып, БТА Банкінен шығарылған активтерді сатуға талпынып жатқандығын анықтады.

Мұндай әрекеттер ағылшын заңнамасына сай қылмыс деп танылады және «сотқа құрметтемеушілік көрсеткендікті» білдіреді.

Өткен жылдың қазан айының аяғында Лондонның Жоғары Сотымен сотқа құрметтемеушілік көрсеткендігі үшін Әбіләзовтың сыбайласы Пол Кифриотис (бірқатар оффшорлардың директоры) 21 айға түрмеге қамауға сотталған, дәл осындай негіздермен Әбіләзовтың қайнысы және көмекшісі С. Шалабаев та сотталған (18 айға).

Ал кеше Лондонның Жоғары Соты бірқатар осындай ұқсас қылмыстар бойынша Әбіләзовты да кінәлі деп таныды, оған түрмеге қамаудың үш мерзімі тағайындалды.

Атап айтқанда:

1) соттан «Бубрис» компаниясының (осы ұйым арқылы ақша және бағалы қағаздар шығарылды) иесі болып табылатынын жасырғаны үшін 22 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды;

2) «Карлтон Хауз» үйінің, қала шетіндегі «Оуклэндс Парк» үйінің және Лондондағы Альбертс Корт-17-гі пәтердің иесі болып табылатын ақпаратты жасырғаны үшін 22 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды;

3) Сот бұйрығын бұзып, «Стантис» («Stantis») компаниясынан талап құқығын қайта табыстағаны үшін 22 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Аталған түрмеге қамаудың үш мерзімі қатарласып орындалады, яғни Әблязовқа түпкілікті түрде 22 айға түрмеге қамау тағайындалды, сот оны қамауға ордер берді.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив