KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 1,7 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Ауруды өршітпеу жұмыстары жүріп жатыр

25.12.2011, 18:00 234


Ауданның Қарабұта және Бақты ауылдарының малдары арасында аусыл ауруы шықты.

– Үржар ауылдық округінің Сартерек учаскесінде, сондай-ақ, Бақты мен Қарабұта ауылдарындағы ірі қара мен ұсақ малдар арасында аяқ астынан жұқпалы ауру шығып, тұрғындар қатты алаңдап отыр. Нақтылап айтсақ, Қарабұта ауылында 15 ауладан, Бақты ауылында бір ауладан және Сартерек учаскесіндегі «Алғабас» ша-руа қожалығынан ауру мал шығып, қазір ол малды шығармау туралы карантиндік шектеу қойылып, ветеринарлық зерттеу жүргізілуде, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Санат Жақыпов.

Аталған маманның айтуына қарағанда, бұл мал бөлектендірілген және ешқайда шығарылмайды. Аурудың қайдан келгені әрі неден жұққаны әлі белгісіз болып отыр. Облыстан, сондай-ақ, республикадан аталған сала мамандары келіп, нақты көмек қолын созып, жұмыстар атқаруда.

Ауданда қазіргі уақытта ауруды одан әрі өршітпеу мақсатында шұғыл түрде жаппай егу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив