KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Тергеу-қамауға алынғандарға бақылауды күшейту қажет

14.12.2018, 03:24 175


Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бердіғали Кәсеновтің бастамасымен судьялар Полиция департаменті айдауыл қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Пікіралмасу барысында судьялар Н. Жақсыбекова мен Қ. Забенов полицейлердің назарын сотталушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне аударып, күдіктілерге, айыпталушыларға, сотталушыларға айдауыл жасау ережелерін сақтауды, сот процесінде азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыруды талап етті деп хабарлайды аталмыш органның баспасөз қызметі.


Сот төрағасы Б. Кәсенов сот процесіне екі және одан көп сотталушылар қатысатынын атап өтті. Сот процесі қатысушыларына, әсіресе тергеу-қамауға алынғандарға бақылауды күшейту қажеттілігін ескертті. Айыпталушылардың қимыл-қозғалысын жіті бақылап, дер кезіңде шара қолдану – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің міндеті.


Кездесу соңында аса ауыр қылмыстық істерді қарауда полицейлердің күшейтілген түрде қызмет көрсетуі туралы шешім қабылданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив