KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Семейлік Лейла Құлжанова әлемдік "World Beauty 2018" байқауында топ жарды

10.12.2018, 04:54 189


Семейлік Лейла Құлжанова Мәскеуде «World Beauty 2018» сұлулық, сән және дарын байқауында топ жарды. Лейла Құлжанова әйелдер арасында түрлі жас категориясы бойынша ұйымдастырылған байқаудың «Gold» дәрежесіндегі (36-40 жас) «Grand-Prix-Mrs. World 2018» атағын жеңіп алған деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Казинформ сайтына сілтеме жасап.


Лейла әділқазыларды сұлулығымен ғана емес, іскерлігімен, жомарт жүрегімен де жаулап алса керек. Жерлесіміз түрлі сән байқауларының жеңімпазы ғана емес, ол сонымен қатар банк құрылымын басқаратын мықты кәсіпкер де. Қайрымдылық шараларына көп қатысатын жерлесіміз Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі.


Байқауға қатысушылардың барлығы демеушілерден сыйлықтар алды. Сонымен қатар оларға Пьер Карденнің жетекшілігімен өтетін «Universe Beauty 2019» сүлулық, сән және дарын байқауына қатысу үшін 50 000 доллардың сертификаттары берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив