KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
478.54 533.76 5.17

Шығысқазақстандық кикбоксшылар Әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

22.09.2018, 06:14 127


Жерлестеріміз Әкбар Алматов пен Руслан Мәліков кикбоксингтен Италияда өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.


Жалпы бұл додаға біздің облыстан жеті спортшы қатысқан болатын. Алайда, қорытынды есепте сол жетеудің екеуі ғана жүлдеге іліне алды.


Атап айтсақ, кикбокстың К-1 деп аталатын түрінде сынға түскен Әкбар Алматов (57 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) үшінші орынға ие болса, дәл сондай жетістікке Руслан Мәліков (full-contact, 54 келіге дейінгі салмақ) те ие болды.


Өкінішке қарай, қалған спортшыларымыз бұл жолы жеңіс тұғырынан көріне алған жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив