KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, СШ
474.62 517.19 5.39

Талғат Жайлауов Өскеменге оралды

20.09.2018, 14:58 184


«Торпедоның» құрамы Талғат Жайлауовпен толықты. Тәжірибелі қазақстандық шабуылшы алдағы маусымды өскемендік команданың құрамында өткізбек.


Айта кетейік, өткен маусымда 33 жастағы Талғат Жайлауов Құрлықтық хоккей лигасының 43 кездесуіне қатысып, ол ойындарда тоғыз гол мен бес нәтижелі пастың авторы атанған болатын. Ал Жоғары хоккей лигасында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы ұзын саны 50 матч (18 шайба, 13 пас) өткізген-ді.


Негізі, бұл Талғат Жайлауовтың өскемендік команда сапындағы алғашқы маусымы емес. Естеріңізге салайық, 2016-2017 жылдарғы маусымды «Торпедо» құрамында өткізген шабуылшы командамен бірге Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының жеңімпазы атанып, плей-офф кезеңінің финалына дейін жеткен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив