KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да әкесі туған ұлын пышақтап өлтірді

15.09.2018, 03:33 163


Науқас әжесін қорғамақ болған жігіт туған әкесінің қолынан ажал құшты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


ШҚО қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының материалдары бойынша, оқиға әке мен баланың бірге ішімдік ішуінен басталған.


Ермек Ахметовтің жұбайы (кейіпкерлердің есімдері өзгертіліп алынды) оның үлгілі отағасы болуға тырысып баққанын айтады. Отбасының бастарында жеке баспанасы болмаған екен. Пәтер жалдап тұрған. Жанұяда екі бала өсіп келе жатты. Екінші балалары дүниеге келгеннен кейін Ермек ішімдіктен бас тартып, жұмысқа тұрған екен.


Маусым айында әкесімен бірге Семейде тұратын әжесі ауырып қалды деген хабар келеді. Қарт әйел жамбас буынынан ауыр жарақат алып, аяқ баспай қалыпты. Немересі әжесінің қалын сұрап, қолынан келген көмегін көрсетейін деген оймен Семейге аттанған.


Әкесі Серікпен жолыққан Ермек сол жолы ішімдіктен бас тарта алмаған көрінеді. Әжесінің айтуынша, әке мен бала бірнеше күн ішкен. Ақыр шыдамы таусылған Гүлмира (Ермектің әжесі) ашуланып, ұлы мен немересінің бұл қылығына қатысты бар ойын Серікке айтып салды. Арада жанжал туған соң, Ермек әжесіне араша түспек болады. Әкесінен ұлының күші басым түскен екен. Денсаулығына зиян келтіретін әрекет жасамаса да, Серік туған ұлының бұл қарсылығын көтермей қалды. Бойын ашу-ыз кернеген әке үстел үстіндегі пышақты бас салып, ұлының жүрек тұсынан сұғып алады. Ермек тіл тартпай кетті.


Есін бірден жиып алған әкесі ұлын құтқаруға ұмтылған болу керек. Бір шелек суды қимылсыз жатқан Ермектің үстінен құйып жібереді де, көршілеріне барып жедел жәрдем мен полиция шақыртуларын сұрайды.


Сот шешімімен Серік кінәлі деп табылып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағаындалып отыр. Жазасын қауіпсідігі барынша жоғары мекемеде өтейді.  Сондай-ақ, ол ұлынан қалған екі немересі мен келініне 4,5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив