KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
451.38 487.22 5.14

Өскеменде Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді

2.10.2023, 09:51 339 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» жобасының аясында  Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді.

6-7 қазан күндері облыс орталығында түрлі мәдени және спорттық шаралар жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мәдени күндер 6 қазан күні кешкі сағат 19.00-де “Ертіс концерт” залында өтетін аудан өнерпаздарының “Ұланым - мақтанышым” атты гала-концертінен бастау алмақ.

Ал 7 қазан күндері сағат 08:00 - 13:00 аралығында әдеттегідей Fresh Market сауда орталығында сенбілік жәрмеңке өтіп, қонақтарға палау, ұн қуырдақ, ыстық шай мен бауырсақ таратылады. Киіз үйде қазақтың ұлттық тағамдарынан көрме де ұйымдастырылады.

Сол күні сағат 10.00-де Арбатта қолөнер шеберлерінің көрмесі, әр ұлт билерінен флешмоб, “Аяулы жас келін” сайысы мен түрлі спорттық ойындар (армрестлинг, желке тартыс, жеміс-жидектермен дойбы ойыны) өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив