KZ
Өскемен
+20°
небольшой дождь жел 1 м/с, С
474.09 514.01 5.48

Өскеменде Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр



1.10.2023, 11:28 313 0 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр.

Өскеменде әуесқой командалар арасында шағын футболдан алғашқы ашық футбол турнирі ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ашық футбол турниріні еліміздің түкпір-түкпірінен әуесқой командалар келіп, бақ сынауда.

- Бүгінгі турнирге Қызылорда, Павлодар, Талдықорған және Абай облыстарынан келген және жергілікті әуесқой командалар қатысып жатыр. Барлығы 16 команда, - дейді Өскемен қаласының дене шынықтыру,  спорт және туризм бөлімінің басшысы Ербол Қоңыратов.

Қаладағы қолайсыз ауа райына қарамастан шараға жиналған келген жұрттың қарасы қалаң. Ашық турнирді тамашалауға келгендердің қатарында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Бердібек Сапарбаевтың жұбайы Қалдығайша Сапарбаева да бар.

Айта кету керек, шара 3 күнге жоспарланған, яғни 1 қазанға дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив