KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 6 м/с, Ю
447.89 476.78 4.79

Ұлан ауданының тұрғындары алтын өндіретін кәсіпорынға қарсы шықты

5.07.2022, 16:57 160

ШҚО Ұлан ауданының тұрғындары алтын өндіретін компания қоршаған ортаны ластайды деген пікірмен мекемеге қарсы шықты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Тұрғындардың ойынша, Quazar Energy ЖШС қызметінің салдарынан Сарыбұлақ өзені жойылып, жайылымдық жерлер бүлінген, енді олардың үй жануарлары қырылуы мүмкін.

"Сарыбұлақ өзенінен қалғаны осы… Ал бір кездері мұнда қарауыз болып, суатқа елік келетін. Демалыс күндері адамдар демалып, шомылып, күнге күйетін. Мұнда қызыл кітапқа енген өсімдіктер өсетін... Ал енді? Алтын өндірушілер келіп бәрін қазбалады. Біз жайылымдық жерлерімізден айырылдық, мал жайылатын жер жоқ. Екі апта бұрын екі сиырды союға мәжбүр болдым. Олардың өзеннен уланғанына сенімдімін", - дейді фермер Мұрат Мұқашев.


Кәсіпкерді басқа фермерлер де қолдап отыр. "Қуандық" шаруа қожалығының басшысы Дәделхан Сәбитовтің айтуынша, биылғы көктемнің өзінде бірнеше ондаған малынан айырылған.
Алайда жергілікті әкімдік мал қырылуын алтын өндіруші компанияның қызметімен тікелей байланыстырмайды. Мұнда кәсіпорынның мың гектардан астам аумақта жұмыс істейтіні және кенді жууға су қажет болған соң жердің өзен бойында орналасқаны расталды.

"Мекеме тұрақты түрде салық төлеп отыр. Дегенмен тұрғындардың өзен ластануына қатысты шағымдарын қараусыз қалдырмаймыз. Осы орайда тағы бір тексеру жүргізу қажет екені туралы арыз жазамын деп ойлаймын. Өзеннің ластануына жоспардан тыс талдау жасасын", - деді Ұлан ауданының әкімі Ринат Құрманбаев жағдайға қатысты. 
Сондай-ақ әкімдік кәсіпорын өкілдерінің рұқсат құжаттары тәртіпке сай екенін алға тартады, оның үстіне сол кезде заң талабына сәйкес тұрғындармен қоғамдық тыңдаулар өткізілген.
Компания өкілдері де жағдайға түсінік берді.
"Иә, технологиялық процесс суды қажет етеді. Бірақ оған рұқсатымыз бар. Біз пайдаланған көлем үшін заңға сәйкес салық төлейміз", - дейді алтын өндіруші Quazar Energy ЖШС экологы Светлана Мұстафаева. 
Десе де, бұл дәлелдер жергілікті фермерлер үшін жеткіліксіз. Халық компания қызметін тоқтатып, тексеру тағайындауды талап етіп жатыр. Бірақ олар жергілікті билікке де сенбейді, сондықтан Ертіс бассейндік инспекциясы мен экология департаментіне өтініш жазып үлгерген.
Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысында мұндай оқиға болған. ШҚО Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары басқа алтын өндіруші компаниялар – Maraliha ЖШС, Maraliha Gold ЖШС және VSAM Prodaction ЖШС-нің қызметіне қарсылық білдірді. Олардың пікірінше, мекемелер аймақтың экожүйесіне орны толмас зиян келтіреді. Тұрғындар бірнеше рет БАҚ-қа жүгініп, барлық органға өтініш жазған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив