KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Өскемен тұрғыны көлігін жөндетемін деп алаяқтың құрбаны болды

4.07.2022, 17:04 187

Маусым айының соңында Өскемен қ.ПБ Үлбі ПБ-нің «102» жедел арнасына алаяқтың құрбаны болған Глубокое ауданының 62 жастағы тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айында облыс орталығындағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде бейтаныс ер адам оның ВАЗ автокөлігін жөндеймін деген сылтаумен 700 000 теңгеден астам қаражаттын иемденіп алған.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен қаланың 49 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігі-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив