KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Семей супермаркетінде қантқа талас болды

4.07.2022, 13:27 137

Семейде супермаркеттердің бірінде қантқа талас болды. Жергілікті тұрғын редакцияға жіберген видеода дүкендерде тапшы болған тауарды әркім өзіне алып қалуға тырысады, - деп хабарлайды Altaynews Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кадрлардан сауда залында үлкен кезек пайда болғанын көруге болады. Мұндай дүрлікпе қант тапшылығымен ғана емес, сонымен қатар оның бағасымен түсіндіріледі. Себебі келісі мың теңгеге дейін шарықтаған қант онда 495 теңгеден тұрады. 

Видео авторы қант бір қолға үш келіден берілгенін, сондықтан адамдар отбасымен келгенін айтады.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан басқа елдерден қосымша қант сұратып жатқанын мәлімдеген болатын.

27 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда қант тапшылығы жоқ деп мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив