KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?

4.07.2022, 11:30 235

Қазақстан коронавирус бойынша «сары» аймаққа өтсе Үкімет қандай шараларды қолға алады? Бұл туралы  Премьер-Министрдің орынбасары Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша,  елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны  артқан. Өткен аптамен салыстарғанда вирус жұқтыру жағдайлары 2,9 есе артқан, науқастардың 80%-на жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткен адамдар.  

Қазақстан «сары» аймаққа көшкен жағдайда мынадай  шаралар  қабылданады:

науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;

COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру;

жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;

10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізуді ұсыну.

Сондай-ақ аймақтың эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, әуеде, ТЖ көліктері мен халықаралық автобустарда маска тағу ұсынылады.    



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив