KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Темір жол тұйықтарында талас-тартыс болмау үшін қосымша жөнелту нүктелері ашылады

23.06.2022, 09:36 148

Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жазда жаңадан темір жол тұйықтары салынып, соның ішінде төрт көмір жөнелту нүктесі ашылады, деп хабарлайды "Қазақстан Темір жолы" АҚ баспасөз қызметі. 

Оған бірінші кезекте жергілікті атқарушы билік мүдделі болып отыр.

Осыған дейін ел шығысы бойынша көмір жеткізу ісінде олқылықтар болмауы үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшылығы Семей ЖТ бөлімшесі және «Қаражыра» кәсіпорынымен бірлесіп үшжақты түрде әр айға нақты көмір тиеу кестесін әзірлеп шыққан болатын. 

Ондағы көрсеткіш бойынша биылғы жылы аймаққа 40271 мың тонна көмір қажет екендігі мәлім болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрсеткіш. 10 жылу-энергия орталығы, 4 су электр стансасы, 520 қазандық, күллі әлеуметтік нысандар аз ғана уақыттың ішінде көмірмен толық қамтылуы тиіс. 

Міне осы орайда темір жол тұйықтарындағы талас-тартыс, айқай-шудың алдын алу үшін қосымша төрт жөнелту нүктесін ашу көзделуде. Қазіргі таңда олардың ашылатын орындары нақтыланып жатыр. Бұл шара ұзақ уақыт ала қоймайды деп болжануда. Мәселен, осыған дейін мердігер компания «Дәнекер Жол» ЖШС Аягөз станциясында қосымша тұйық желілерді белгіленген мерзім ішінде салып бітірген болатын. 

Сол тәрізді жуырда қала әкімдіктері мен «Қаражыра» АҚ арасында әлеуметтік көмір жеткізу бойынша меморандум жасалды. 

Бұл орайда халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 6,5 мың отбасына 35 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған. Бұл отын түрі теміржолмен тасымалданатын болады. 

Әлеуметтік бағада сатылатын көмірдің бір тоннасы қазіргі таңда 11 100 теңгеге бағаланып отыр. Ал нарықтағы бағасы – 11 600 теңге. Осы орайда жергілікті тұрғындары үшін қатты отынды әлеуметтік бағаға сатып алу мерзімі осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ғана деп белгіленгенін де айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив