KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы бала туу мәселесін көтерді

9.04.2022, 11:20 290

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бала туу проблемасы туралы айтты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ажар Ғиният Шымкент қаласында қазақстандық репродуктив медицина қауымдастығының өңірлік халықаралық конференциясының ашылуына қатысты.

Өз сөзінде Ажар Ғиният Қазақстан үкіметі жас жұбайлар арасында бедеулік көбейіп бара жатқанына қатты алаңдайтынын айтты.

"Бала болмауына байланысты неке бұзылатын жағдайлар туындайды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Үкіметке ЭКҰ-ға квотаны 7 есеге ұлғайта отырып, "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды, оған республикалық бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның аясында 3 мыңнан астам әйел жүкті болып, 1 мыңнан астам бала дүниеге келді", - деді Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі халық денсаулығын, оның ішінде репродуктив денсаулықты нығайту, демографиялық жағдайды және өмір сүру сапасын жақсарту саналады, деді Денсаумин басшысы.

"Біздің мақсатымыз - бедеулікті емдеу ғана емес, оның алдын алу және себептерін жою бойынша шаралар қабылдау. Бүгінгі оқиға - бұл жаңа қадам, репродукция саласындағы жаңа мүмкіндіктердің бастауы", - деді өз сөзінде ДСМ басшысы.

Ғиният репродукция саласында жаңа технологияларды табысты енгізу мақсатында барлық жағдайлар жасалғанын айтты. Бірінші кезекте, заңнамалық база қамтамасыз етілді, қосалқы репродуктивтік технологияларды жүзеге асырудың барлық аспектілерін реттейтін НҚА бекітілді, түрлі бейіндегі мамандар даярланған.

Осы шаралар арқасында бүгінде елімізде 29 ЭКҰ орталығы жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив