KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
443.16 480.39 4.94

ШҚО-да ЖРВИ мен тұмаудан өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ

1.03.2022, 11:10 182

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындары арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық деңгейінің өскенін хабарлайды.

2021-2022 жж. эпидемиялық маусымның басынан бастап 64 788 ЖРВИ, 341 тұмау жағдайы тіркелген. ЖРВИ-мен сырқаттанушылық деңгейі өткен эпидемиялық маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге жоғары.

ЖРВИ-мен ауырған адамдардың 46,21%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. ЖРВИ мен тұмаудың ауыр және өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.

- 2021-2022 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда тұмау вирусының 2 түрі тараған: 92,3% жағдайда «А», 7,6% жағдайда «В» түрі. А және В типті вирустар орташа және ауыр ауруды тудырады, қысқа инкубация кезеңі, аурудың өткір басталуы, интоксикация, бронхит пен пневмония, жүрек-тамыр және орталық жүйке жүйелері, бронхтар мен өкпелердің зақымдануы сияқты асқынулардың дамуымен сипатталады, - деп хабарлайды ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

2022 жылғы қаңтарда ЖРВИ-дің 13 377 жағдайы тіркелді (2021 жылғы қаңтарда – 7 511 жағдай), осылайша жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтырғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе өсіп отыр.

Осы жылдың басынан бастап аймақтың 286 тұрғынына «тұмау» диагнозы қойылды. 

- Ең көп жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында, атап айтқанда 156 жағдай тіркелген. Барлық жағдайлардың көбі Семей қаласында – 134, Өскемен қаласында – 92 жағдай тіркелген. Бородулиха және Көкпекті аудандарында ең аз ауырғандар – 1 адамнан. Курчатов қаласында, Абай, Алтай аудандарында тұмау оқиғалары анықталған жоқ, - дейді департамент мамандары..


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив