KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

24.02.2022, 15:04 153

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5 пайызға дейін көтерді.

"Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 пайызбен 13,5 пайызға дейін көтеру туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Шешім 24 ақпанда күшіне енеді", - делінген хабарламада.

24 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 10,25 пайыз деп белгіледі.

Базалық мөлшерлеме туралы не білу керек?

Базалық мөлшерлеме - ақша нарығындағы номиналды пайыздық мөлшерлемені реттеуге мүмкіндік беретін Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі құралы. Базалық мөлшерлеме деңгейін белгілеп, реттеуші мерзімді кезеңде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының қысқа мерзімді мөлшерлемесінің мәнін айқындайды.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені орта мерзімді кезеңде инфляция бағдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін деңгейде белгілейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив