KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 3 м/с, СБ
457.98 490.86 5.26

"StroyGazCompany" ЖШС жұмыстарды жалғастырады - Зайсан

24.03.2023, 16:03 407 Мадина Амангелдіқызы

Зайсан ауданының Дайыр, Көкжыр, Қуаныш, Біржан, Сарытерек, Жарсу, Бақасу, Саржыра елді мекендерінде кентішілік және кварталішілік газдандыру желілерін салу бойынша жоба жүзеге асырылған болатын.

2020 жылы Зайсан ауданының 8 елді мекеніне құны 852,5 млн теңге болатын магистральдық жеткізу желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыру аяқталды. Ұзындығы 52 шақырым жоғары қысымды газ құбырлары салынды және 8 дана ГРП орнатылды. 2022 жылы осы елді мекендердегі табиғи газға объектілерді қосу мақсатында кентішілік және кварталішілік желілер салу жөніндегі жобаны іске асыру басталған болатын. Алайда жұмыстар уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кентішілік және кварталішілік желілер салу жөніндегі жобаның құны - 1203,2 млн теңге.

Былтыр "StroyGazCompany" ЖШС мердігерлік ұйымымен шарт жасалып, жоба бойынша 215,0 млн. теңге игерілді. Алайда екінші орын алған компания мемлекеттік сатып алу туралы конкурстың қорытындысына сот тәртібімен шағымданған болатын. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымы бойынша объектіде құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды.

Бүгінгі таңда сот рәсімдері аяқталды. Биыл "StroyGazCompany" ЖШС мердігерлік ұйымы нысандағы жұмыстарды қайта жалғастырады. Осы мақсаттар үшін 939,0 млн теңге бөлініп отыр. Жобада ұзындығы 96,5 шақырымға жететін кентішілік және кварталішілік желілерді төсеу көзделген.  

Айта кетсек, табиғи газға қосымша 5,4 мың адам қол жеткізе алады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив