KZ
Өскемен
+19°
небольшой дождь жел 3 м/с, В
474.09 514.01 5.48

Мамыр мерекесінде майдангердің көшесі жөнделіп жатыр

1.05.2023, 10:31 482

Зайсанның Біржан ауылында майдангер есіміне берілген орталық көшеге асфальт төселіп жатыр.

Отты жылдарда кеудесін оққа тосқан соғыс ардагерін ауылдастары әрқашан мақтан тұтады. Бұл Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Отанын қорғаған даңқты сарбазға көрсетілген кезекті құрмет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Әбілхан Дүйсежанов Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстағы ерлігі үшін екі мәрте Даңқ ордені мен бейбіт замандағы Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері. Сол атамыздың атындағы ауылдағы орталық көшенің біріне қазіргі кезде асфальт төселіп жатыр. Ауылдық әкімшіліктің бас маманы, қауымдастық мүшесі Қайрат Рақыпбаев және ауыл тұрғындары бар бәріміз көшедегі жол сапасына бақылау жасаудамыз, – деді Біржан ауылдық округінің қауымдастық төрағасы Жұмабек Сансызбаев.

 

Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға салынып жатқан жолдың сапасы, ені мен асфальттың қалыңдығы ауыл тұрғындарының жіті назарында.

– Жалпы көшенің ұзындығы – 880 метр. Асфальт төселген жолдың ені – 6 метр, асфальттың қалыңдығы 6 см. Жобалық смета бойынша асфальт мөлшері – 614 тонна, әзірше жұмсалғаны 580 тонна, біткенше шамамен 880 т кету керек, – деді жол төсеп жатқан «Зайсан» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің учаскедегі бригада басшысы Азамат Ақшанов.

 Өз кезегінде біржандықтар қауымдастық атынан жауапты мердігерге аз уақыттағы сапалы да тындырымды жұмыстары үшін алғыс айтуда.

Еске салайық, Біржанда бұған дейінгі жылдарда әрбір Жеңіс мерекесінде майдангер атындағы көше бойында ауылдан шақырылған Ұлы Отан соғысы қатысушыларына арналған еңселі монумент, демалыс саябағы мен балалар алаңы салынған болатын. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив