KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2,5 м/с, ОШ
464.72 496.32 5.4

Дәрігерлер баланың жұлынған басын орнына қайта тігіп берді

Шартты сурет: life.pravda.com.ua

18.07.2023, 16:50 1 018 Мадина Амангелдіқызы

Израильде жол апатында басы жұлынып кеткен бала аман қалды.

Израиль дәрігерлері баланың жұлынған басын орнына қайта тігіп берді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Велосипед теуіп жүрген 12 жастағы баланы көлік қағып кетіп, ауруханаға өте ауыр жарақатпен түскен екен. Дәрігерлердің айтуынша, оның басы мойнынан жұлынып кеткен.

- Баланың бас сүйегі жоғарғы омыртқалардан жұлынып қалған. Ол дәрігерлердің қабылдаған шешімі мен күрделі отаның, жаңа технологиялардың арқасында аман қалды, - дейді операцияға жетекшілік еткен ортопед-дәрігер Охад Эйнав.

Отадан кейін баланың аман қалу мүмкіндігі 50 пайыз ғана болған. Сондай-ақ дәрігерлер ол мұндай жарақаттан кейін толыққанды өмір сүре алады деп үміттенбеген екен. Алайда кішкентай пациент ауыр отадан кейін жылдам жазылып, бір айдың ішінде ауруханадан шығарылыпты. Дәрігерлер мұны адам сенбейтін оқиға деп отыр.

- Балада неврологиялық дефицит, сенсорлық немесе қимыл-қозғалыс дисфункциясы да жоқ. Ол ешкімнің көмегінсіз қозғалып, қимылдайды. Бұл ақылға сыймайды, - дейді Эйнав.

Медицинаның клиникалық профессоры және Нью-Йорк университетінің Лангондағы медициналық орталығының тәжірибелік терапевті доктор Марк Сигель операцияның сәтті өтуіне не себеп болғанын түсіндірді. Оның пікірінше, жарақат салдарынан бас сүйек омыртқадан бөлініп кеткенімен, негізгі қан тамырлар бүтін күйде қалып, миды қанмен қамтамасыз етіп тұрған. Сондай-ақ ол бұған дейін мұндай отаның балалар мен жасөспірімдерге қаңқа құрылымның ерекшеліктеріне байланысты жүргізілмегенін айтып отыр. Сондықтан израильдік дәрігерлердің баланы аман алып қалуы олардың жоғары кәсібилігін дәлелдейді екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив