KZ
Өскемен
-10°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОШ
453.35 492.02 4.96

Ұлттық өнер мен салт-дәстүрді дәріптейтін байқау өтіп жатыр - ШҚО

1.12.2023, 14:00 264 ALTAINEWS

Бүгін Өскеменде "Мәңгілік ел - болашаққа ұмтылған ел" облыстық байқауы өтіп жатыр.

Ұмыт болып бара жатқан ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрімізді жаңғыртуға бағытталған байқауға өңіріміздің барлық ауданынан жиналған 160-тан астам дарынды жастар қатысып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

-    Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тәрбие ісінде ұлттық педагогика бастауларын да назардан шығармай, балаларымыздың бойына қазақтың салт-дәстүрі мен құндылықтарын сіңіру маңызды екенін атап айтқан болатын.  Сондықтан биылғы байқаудың тақырыбын ұлтымыздың әдет-ғұрыптарын дәріптеуге арнадық, - дейді "Дарын" орталығы облыстық филиалының басшысы Гауһар Рахымжанова.


Облыстық байқаудың алғашқы кезеңінде команда жетекшілері эссе жазса, қалған оқушылардың Қазақстан тарихы пәні бойынша білімдері сыналды. Ал екінші кезеңде "Сүйінші", "Айтыс", "Сал-серілік", "Киіз басу", "Асар" тағы да басқа сахналық қойылымдарын көрсетуде.

Қазылар алқасының бағалауынан кейін байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, сыйлықтармен марапатталады. 


Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив