KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
453.35 492.02 4.96

ШҚО-да Нидерландымен АӨК саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

Фото: syrboyi.kz

4.12.2023, 18:48 141 ALTAINEWS

Ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың бағыттарын талқылау үшін Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасындағы Нидерланды елшілігінен бір топ өкіл келді.

 

Екі ел арасындағы серіктестікті тауарлы сүт өндірісі, құс және жылыжай шаруашылықтары сияқты салаларда табысты дамытуға болады. Мұндай ынтымақтастықты дамытудың келешегі ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановпен кездесуде талқыланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

 

Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, ШҚО шикізатты өңдеуде жаңа технологияларды қолдану, экологиялық таза өнім өндірісін және экспортын ұлғайту, сондай-ақ өңір аумағында өнеркәсіптік жылыжай салу бойынша өзара іс-қимылға мүдделі.

 

Бір қызығы, Қазақстандағы Нидерланды елшілігінде ауыл шаруашылығы бойынша атташе деген жеке лауазым бар, бұл олардың агроөнеркәсіптік сектордағы байланысты нығайтуға ниетті екенін көрсетеді.

 

Естеріңізге сала кетсек, қараша айының басында Қазақстан мен Нидерланды өзара түсіністік және ауыл шаруашылығы мен агробизнесті дамыту салаларындағы мәселелерді жоғары деңгейде талқылау үшін бірлескен ауыл шаруашылығы комитетін құру туралы меморандумға қол қойған болатын.

 

Қазақстан мен Нидерланды өкілдері жыл сайын агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпкерлерімен және мамандарымен бірлесіп осы саладағы ортақ жобаларды одан әрі іске асыру үшін кездеседі деп жоспарлануда.

 

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив