KZ
Өскемен
-16°
туман жел 2 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

ШҚО-да «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы басталды

13.09.2021, 17:20 142

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды, кәмелетке толмағандардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталған заттарды алып қою мақсатында 13-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді.

- Іс-шара барысында полицияда есепте тұрған балалар, мектеп оқушылары және оқу орындарының студенттері арасында алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандардың күдікті топтарын, балаларды құқық бұзушылыққа тартатын ересек адамдарды, қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды анықтайды, - деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нүриев. 

Сонымен қатар, ата-аналармен жасөспірімдер арасында, соның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы әңгімелесу өткізу жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив