KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

«Тұрақтандыру қорының дүкендерінде қант жеткілікті» - «Ертіс» ӘКК

24.06.2022, 10:48 188

Әлеуметтік дүкендердегі арзан қант үшін талас ушығып барады. ШҚО тұрғындары қант алу үшін кезекке сағаттап тұруға мәжбүр. Күннің аптап ыстығына қарамастан халық таңғы 7-ден бастап дүкендердің алдын торуылдайды. Себебі өзге сауда орындарында шекердің бағасы екі есе қымбат. Ал қарапайым халық оны қалтамыз көтермейді дейді.

Жалпы сауда нүктелерінде тапшылық жоқ. Алайда бағасы әлеуметтік дүкендермен салыстырғанда 2 есе қымбат. Сондықтан айлықтан айлыққа әзер жететін жұрт кезекте сағаттап тұрудан басқа амал жоқ дейді.

«Таңертең ерте келдім. Бірақ қай кезде келсем де қант ала алмаймын. Кезегім жетем дегенше таусылып қалады. Ал басқа дүкендерде бағасы өте қымбат. Өзім мүгедекпін. Бір зейнетақыға қарап отырмыз», - дейді қала тұрғыны Үміт Жанболатова.

Дсгенмен, "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ қант тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр.

-  Тұрақтандыру қорының нүктелерінде қант бар. Екі мың тоннадан астам қантты біз сатып алдық. Апта сайын вагон жеткізіледі. Қоймада да 68 тонна қор бар, әдетте бір апта ішінде сатып үлгереміз. Шілденің ортасына дейін осылай болады. Вагон апта сайын келеді. Шілде айының ортасынан кейін екі вагоннан келіп отырады. Шығыс Қазақстанда қантқа қатысты мәселе жоқ, - деп сендірді «Ертіс» ӘКК» АҚ басқарма төрайымы Тамара Рахымжанова. 

Басқарма төрайымының айтуынша, аудандардағы тұрақтандыру қорының нүктелерінде аптасына 5 тоннаға дейін қант сатылады. Иә, әлеуметтік дүкендерде жан басына 1 келі қант қана беріледі. Өкінішке қарай, мұны да өз пайдасына жаратып жатқандар бар. Басқарма басшысы күнде 1 адамның қайталап келіп тұратынын жасырмады.

- Біз 1-2 килограмнан ғана береміз. Бірақ кезекте сол бір апа-аталар. Тіпті, арнайы талдау жүргіздік. Жаз маусымының соңына дейін жинап жүрген көрінеді. Жалпы, тамыз айына дейін қантпен қамтамасыз етеміз, оған ақша бөлінді, – деп түсіндірді Тамара Рахымжанова.

Айта кетейік, «Ертіс» ӘКК» АҚ мәліметі бойынша, Өскемендегі тұрақтандыру қорының 28 нүктесінде қанттың келісі 449 теңгеден сатылып жатыр. Тағы жеті нүктеде кәсіпкерлер келісін 480 теңге сауда үстемеақысымен сатады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив