KZ
Өскемен
+16°
туман Штиль
474.83 515.38 5.5

Шығыс Қазақстанда ертең де дауыл соғады

Фото: шартты сурет

3.05.2023, 16:15 353

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес ертең 4 мамырда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жел қатты соққан кезде мүмкіндігінше сыртта болмауды, балкондардан және жеке үйлердің аумақтарынан жел ұшырып кетуі мүмкін заттарды алып тастаған дұрыс, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі.

«Егер сіз көшеде болғанда қатты жел соқса, билбордтардың, автобус аялдамаларының, ағаштардың, электр желілерінің, металл қоршаулардың артына тығылмаңыз. Автокөлікті ескі ағаштар жанына, билборд құрылымдары мен электр сымдарының жанына қоймаңыз», деп ескертеді ТЖ департаменті мамандары.

Желді күні тұрғындар ашық отты қолдануда өте сақ болуы керек: үйлер мен мекенжайлардың жанында от жақпау, құрғақ шөпті, қамысты өртемеу қажет. Автокөліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдысты тастамаған жөн. От жағуға болмайды!

Өртті байқаған жағдайда дереу "101" және "112"телефондарына хабарлау керек.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив