KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.58 520.84 5.44

Ертістің ортасында қалғандарға көмек дер кезінде жетті

Фото: ашық дереккөз

7.05.2023, 17:36 374

"Звезда" кемесінің капитаны Александр Бахарев пен рульдік-моторист Андрей Денисенко әдеттегідей жолаушыларымен бірге Ертіс өзені бойындағы "Самал саябағы – "Өзен вокзалы" тұрақты бағыты бойынша келе жатқан.

Олар суда қайықпен жүзіп бара жатып аударылып қалған әйел мен ер адамды байқай салысымен шұғыл әрекет етіп, құтқару шеңберін лақтырып, қайығы төңкерілген адамдарды суық судан шығарып алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.   

Белгілі болғандай, олар су айдынында жүзіп жүрген. Ер адам қайыққа ие бола алмай қалған соң қайық аударылып қалған. Бір жақсысы, екеуінде де құтқару кеудешелері бар болып шықты.

ШҚО ТЖД халыққа судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

  Қайыққа отырған кезде құтқару кеудешелерін киюді ұмытпаңыздар. Жүзу құралын шамадан тыс жүктемеңіздер. Қолайсыз ауа райында және қатты желде өзендер мен көлдерге жүзу құралдарымен шықпаңыздар, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне хабарлау қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив