KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, В
464.72 496.32 5.4

ШҚО: Ауылдық жерлерде сапалы интернет қашан болады?

Фото: massaget.kz

8.06.2023, 17:13 574 Ләззат Қанатқызы

Ауылдық жерлердегі мобильді интернет мәселесі алдағы төрт жыл ішінде шешілетін болады.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың өткен сессиясында облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 – 2027 жылға дейін ШҚО-дағы 197 ауылдың сапасыз мобильді интернет мәселесін шешу жоспарланған. 80 ауылда антенна-діңгек құрылыстарын салу арқылы, 100-ден аз адам тұратын 48 ауылда спутниктік трансмиссия есебінен және талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы интернет жылдамдығын жақсартамыз. Биыл 73 ауылда аталған жұмыстар атқарылатын болады, – деді аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде журналистермен кездесу барысында облыс әкімі интернетті жақсарту үшін антенна-діңгек құрылыстарын салуға миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалатынын айтқан болатын.

– Аймақ мәслихатының 19 сессиясында Тарбағатай ауданында және облыстың басқа аудандарында жоғары жылдамдықты мобильді интернетті қамтамасыз ету үшін антенна-діңгек құрылыстарын салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді. Сапалы интернетпен қамтамасыз ету – көптеген елді мекендерде көтеріліп келе жатқан мәселе екені рас. Сондықтан ол облыс әкімінің ерекше бақылауында болады, – деп атап өтті ШҚО мәслихатының хатшысы Денис Рыпаков.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың 680-нен астам адам тұратын 160-тан астам елді мекені сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз етілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив