KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 1 м/с, С
474.09 514.01 5.48

Тарбағатай тұрғыны қорасына есірткі жасырып жүрген

16.09.2021, 10:17 189

Тарбағатай аудандық Полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақсуат ауылының 35 жастағы тұрғынның үйінің ауласында орналасқан мал қорасынан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес затты тапқан.

Анықталған зат маманның актісіне сәйкес «кептірілген марихуана» болып шықты, оның жалпы салмағы 28,82 граммды құрайды.

-  Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі «есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясына сәйкес 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамау жазалары көзделген, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив