KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
448.56 478.03 4.79

"Мигрант". ШҚО-да 100-ден аса шетелдік азаматты жазаламақ

9.02.2021, 09:40 168

Үстіміздегі жылдың 01-05 ақпан аралығында «Мигрант» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті халықтың көші-қоны саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 232 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 115-і шетел азаматы.

- Сонымен қатар жеке басын анықтау үшін қабылдау–бөлу орнына 2 адам орналастырылды, криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ҚР-ның 1 азаматын ұстады, ҚР азаматтық– процестік кодексі тәртібінде 2 азамат елден тысқары шығарылды (Ресей, Өзбекстан),- деді ШҚО ПД КҚҚБ бастығы Ербол Бекпаев. 

Шетелдіктердің Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес болу ережесінің сақталуын қамтамасыз етпегені үшін 518 бабы бойынша 113 Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив