KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1 м/с, С
538.11 623.51 6.61

Сайлау 2021: Таң бозарғаннан бері адам қарасы қалың - Өскемен

10.01.2021, 14:35 1 947

Өскемендегі № 32 орта мектепте орналасқан № 110 сайлау учаскесінде таң бозарғаннан бері адам қарасы қалың. Осылайша облыс орталығының тұрғындары өздерінің дауыс беру құқығын жүзеге асырып жатыр.

- Үнемі сайлауда өз таңдауымды жасап келемін, - дейді Иван Киселев. – Мен үшін бұл қадам жарқын болашаққа бастайды. Барлық шығысқазақстандықтар дауыс беруге жауапкершілікпен қарап, сайлау учаскелеріне келіп, елдің болашағы үшін дауыс берсе, керемет болар еді

Айта кетейік, № 110 сайлау учаскесінде дауыс беру үрдісі әлеуметтік арақашықтық сақтау, маскалық режим, дене қызуын өлшеу сынды барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен өтіп жатыр. Кіреберісте санитайзерлер қойылып, дауыс берушілерге бірреттік маска мен қолғап беріліп жатыр.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу