KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Марқакөлдің арғы жағасында адамдар қайықпен ғана қатынайтын ауыл бар (фоторепортаж)

12.09.2017, 05:34 290

Сонау Марқакөлдің жағасындағы Вверх Еловка ауылына жол түспей жүретін. Жол дейтін жол да жоқ ол жаққа. Жергілікті жұрт атпен немесе қайықпен қатынайды. Жұрт дейтұғын жұрт та қалмапты. Кезінде 160 үйлі ауылдан екі-ақ түтін бүгінде.



Өткен жұмада тікұшақтың тізгінінде жүрген Артем досым хабарласып: «ертең қалай да Катонға кел, ауа райы бір күн ғана ашық болады. Марқакөлге барайық, Алтайдың шыңдарын суретке түсіресің» - деді. Айтқанындай түс ауа жетіп бардым.






Тікұшақпен Төр Алтайдың теріскейіндегі Вверх Еловкеге дейін 15 минуттық жер. Сәтімізге қарай Мұзтау да жарқырап тұрды.



«Солдатқұлаған» асуының өр жағындағы көл көктен ғана көрінеді екен.


 




Шыңғыстайдың тұсындағы асудан асып, «Алатайды» бойлай ұштық.



Шағыл тасты белестен асқан соң мөлдіреп Марқакөл көрінді.





Біз жағалауында қаңырап қалған Қарағайлы бұлақ ауылына қондық. Бөренеден қиып салынған үйлердің бәрі бос. Маңайын адам бойы шөп басып кеткен.





Алдымыздан еркелеп көк ит шықты. Қожайыны ат арбамен келе жатқан Захар есімді жігіт екен. Осы ауылдың тумасы. Кәсіптері - мал. Жайылымдық та, шабындық та жер жеткілікті.



Ананы сұрап, мынаны сұрап тұрғанда төбет еріткен бір жігіт келе қалды жанымызға. Тайыншадай төбетіне қарап;


- Аға, анау төбетіңіз жейін деп тұр ғой, - мені дедім.


- Жо-жоқ, бұл иттер адам атаулыны сирек көреді, сондықтан кісі келсе қуанады керісінше, - деп жымиды.



Рас, адам аяғы сирек мұнда. Анда-санда ғана джип мінген туристер өтеді екен. Оның өзінде джиптің джибі ғана жүреді. Біреу судың жағалауына қонақтарға арнап демалыс орнын салып жатқан көрінеді.





 



Мұндағы отбасылар да қонақжайлық танытып шайға шақырды. Шай отта қайнады. Электр желісі, ұялы байланыс деген жоқ мұнда. Ольга апайдың үйінен дәм татып, қайта қайттық.


 


 



Бәрінен де шекарадағы ғажайып мекеннің бос жатқаны өкінішті...

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив