KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

ШҚО-да жаңа жылдан бері отыздан аса автокөлік өрті сөндірілді

Фото: шартты сурет

25.05.2023, 11:04 291 Дәурен Аллабергенұлы

2023 жылдың қаңтарынан бері Шығыс Қазақстанда 32 автокөлік өрті орын алды.

Соңғы жағдайлардың бірі Өскеменде 24 мамырда тіркелді. Целинная көшесінде шамамен кешкі 21 сағатта автотұрақта тұрған "Toyota RAV 4" маркалы автокөлік өртенді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде кабина, салон, қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, аспаптар панелі, дөңгелектердің резенкелері жанып кеткен. Өрт сөндірушілер 6 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен сөндірді. Өрттің алдын ала шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз пайдалану. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз", деп ескертеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ШҚО ТЖД төмендегі автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:

- техникалық тексеруден уақытында өту;

- магнитоланы, дабылды, қозғалтқыштың іске қосу алдындағы жылытқышын тек мамандандырылған орталықтарда орнату;

- көлік салонында әрқашан екі литрлік ұнтақты өрт сөндіргіш болуы керек, сондай-ақ оның жарамдылық мерзімін тексеру;

- барлық электр жабдықтарының жарамдылығын бақылау, сақтандырғыштарды қолдану;

- қозғалтқыштың отын аппаратурасының герметикалығын, сондай-ақ жарамдылығын бақылау;

- мотор бөлігінде бөгде, тез тұтанатын заттарды – шүберектерді, картондарды және тағы басқаларды ұстамау;

- жанар-жағармайды тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау, контейнерлерде ЖЖМ дақтары қалмауы керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив