KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
538.12 627.02 6.65

Өскемен, түнгі рейд: полиция жасөспірімдерді бақылайды

фото: Өскемен ПБ

27.03.2023, 10:11 528 Оразай Жеңісұлы

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері түнгі рейдке шықты.

Тәртіп сақшылары ойын-сауық мекемелерінде жасөспірімдердің болмауын қадағалайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Іс-шара кезінде қызметкерлер компьютер клубтарын, интернет-кафелерді, караоке-барларды, түнгі клубтарды тексереді. Оған қоса көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын, саябақтарды, скверлерді аралайды», - деп мәлімдеді қаланың полиция басқармасы.

Кәмелетке толмағандар түнде заңды өкілсіз үйден тыс болған жағдайда ата-ана және қандай да бір мекеменің иесі әкімшілік жауапқа тартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу