KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
452.92 484.99 5.12

Өскемендегі жер үсті өткелдерінің бірі су астында қалды

28.03.2023, 11:52 230 Ләззат Қанатқызы

Бүгін таңертең әлеуметтік желіде Б. Александров атындағы Спорт сарайы ауданында жер үсті өткелін су басып жатқан видео пайда болды.

Кадрлардан өткел есігінің алдындағы құбырдан су атқылап жатқанын анық көруге болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Су жер үсті өткеліндегі техникалық су құбырынан атқылаған. Қазір оқиға орнында екі бригада жұмыс істеп жатыр. Біз полицияға жүргініп, болған оқиғаның мән-жайын анықтайтын боламыз, - деді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.  

Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша, су құбыры уақытша жабылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив