KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 4 м/с, З
442.84 480.97 5

Өскеменде жол жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі?

Шартты сурет

29.03.2023, 19:43 298 Мадина Амангелдіқызы

Өскемен қаласында қазір автожолдарды ағымдағы (шұңқырларды) жөндеуге басымдық берілмек.

Өскемен әкімі Жақсылық Омар жылы күндер басталғанға дейін ағымдағы іс-шаралар жоспарын құру үшін қалалық аумақтарды тексеру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осы жолы әкім өткен жылы асфальт жабыны ауыстырылған жол учаскелерін қарап шығып, жұмыстарға қоғамдық бақылау жүргізген жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ Красин, Қабанбай батыр (Қазақстаннан Протозановқа дейінгі учаске), Буров, Космическая көшелерін аралады. Шаһар басшысының айтуынша, тұрғындарда жол жабынының сапасына қатысты шағым жоқ.

- Былтыр Брусиловский көшесінде төселген тротуардағы асфальттың қайта қопарылып кеткені анықталды. Кепілдік шеңберінде мердігердің есебінен ескертулерді жою үшін бұл мәселе бақылауға алынды, - дейді Жақсылық Омар.

Сонымен қатар, тексеру жұмыстарының барысында қоғамдық орындарға да мониторинг жүргізіледі екен: Жеңіс мемориалы, Ертіс жағалауы және тағы басқаларына. Мониторингтің нәтижелеріне қарай тас төсеуіштерді, абаттандыру элементтерін жөндеу, мемориалды ағымдағы жөндеу бойынша жоспар құрылады.

- Қазір автожолдарды ағымдағы (шұңқырларды) жөндеуге басымдық берілмек. Қажетті дайындық жүргізілді. Енді бұл жұмыстар асфальтбетон зауыттары іске қосылғаннан кейін басталады. Ол үшін күн жылынып, температура тұрақталуы тиіс, - деді әкім.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив