KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 3 м/с, СБ
457.98 490.86 5.26

Өскемен қаласы мәслихатының бірінші сессиясы болды

30.03.2023, 18:34 316 Оразай Жеңісұлы

Өскемен қаласы мәслихатының бірінші сессиясы болып, жаңа сайланған депутаттарға төсбелгі мен куәлік табысталды.

Сондай-ақ төраға таңдалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сегізінші шақырылымның алғашқы сессиясына жиырма төрт халық қалаулысының жиырмасы қатысты. Депутаттық атрибуттарды табыстау рәсімінен кейін қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Шерубаев мәслихат төрағасының кандидатурасына ашық дауыс беруді ұсынды. Нәтижеде Александр Светаш көп дауыс жинады. Келесі кезекте тұрақты комиссия басшылары таңдалды.

Қала әкімі Жақсылық Омар депутаттарға жалған атақ үшін емес, тұрғындарға нақты көмек көрсету үшін еңбек етуге кеңес берді.

– Саяси парасаттылық танытып, кез-келген ұсыныс-пікірге құлақ аса отырып, табысты жұмыс істеңіздер, – деді шаһар басшысы.

Өскемен әкімі бес партияның өкілдерінен жасақталған сегізінші шақырылымның құрамы бірегей екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив