KZ
Өскемен
+15°
дождь жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Өскеменде бүлдіршіндердің қатысуымен концерт өтіп жатыр

Суреттер автордікі
Суреттер автордікі
1.05.2023, 11:45 345 Ләззат Қанатқызы

Бүгін елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні тойланып жатыр. Айтулы мерекеге орай облыс орталығында да бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Бірлік күніне орай қаладағы саябақтардың бірінде мерекелік концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгін Жастар саябағында жиналған тұрғындардың қарасы қалың. Мұнда бүлдіршіндер мен түрлі би ұжымдары қала тұрғындарын құттықтауда.

Бүгін көңілімізді көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған кішкентайларға және ұстаздарына үлкен алғыс айтамын. Концертті тамашалап, қаламызда өнерлі, өжет бүлдіршіндер өсіп келе жатқанына тәнті болып тұрымын,  дейді қала тұрғыны.

Өз өнерлерін көпшілікке паш еткен жас өнерпаздар ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив