KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
442.84 480.97 5

Тағы да «Таза Өскемен»: 5 млн теңгені қайтармаған

Фото: Шартты сурет

3.05.2023, 15:56 393

Облыстағы коммуналдық мекеме кәсіпкерге 5 млн теңгеден астам мөлшердегі борышын өтемеген.

Тауар жеткізуші кәсіпкер шарт бойынша барлық міндеттемесін толық орындағанымен қызметінің ақысын ала алмаған. Кәсіпкер сөзінің дәлелі ретінде екі тарап қол қойған тауарды қабылдау–беру актісін ұсынған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасынан құралған бизнесті қорғау жөніндегі жұмыс тобы кәсіпкердің өтінішін қараған. Өтініште «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алу шарты бойынша борыштық міндеттемелерін өткен жылдың қыркүйегінен бері орындамағаны көрсетілген. Қарыз мөлшері – 5,4 млн теңге.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, облыстық прокуратура және «Атамекен» ӨКП араласып, жұмыс кездесуін ұйымдастырған. Ақпаратқа сәйкес, «Таза Өскемен» кәсіпкерге тиісті қаражатты өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив