KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
478.58 520.84 5.44

Өскемендіктер аулаға нанға арналған контейнерлер орнатуды сұрап жатыр

Ашық дереккөздерден алынған сурет

4.05.2023, 23:19 380 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығының тұрғындары әлеуметтік желіде нан қалдықтарын жинауға арналған контейнер орнатуды сұрап жатыр.

Қазір сол жағалаудағы бірнеше үйдің ауласына нан қалдықтарын тастауға арналған сары түсті контейнерлер қойылған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі сол аулалардың бірінде орнатылған контейнердің суретімен бөліскен. Ал тұрғындардың басым бөлігі бұл идеяны қолдап, «нан өнімдерін қоқысқа лақтырғанша бөлек жинаған дұрыс», «мүмкін жануарларға беретін шығар, қолдаймын» деген пікірлерді жарыса қалдырып жатты.

Ал кей тұрғындар мұндай контейнерлерді барлық аулаларға орнатуды сұрап жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив