KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

Өскемендіктер Отан қорғаушылар күнін мерекелеп жатыр

Фото: Тілеубек Шаяхмет

7.05.2023, 14:21 5 875 Дәурен Аллабергенұлы

Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары бүгін таңертеңнен бері Өскеменде осы күнге арналған мерекелік іс-шаралардың куәгері болуда.

Облыстық Халифа Алтай мешітіне іргелес қоныс алған Сол жағалау кешеніне кіреберіс алаңға жаяу әскердің бірнеше танктері мен жауынгерлік машиналары сап түзеп, келушілер бүгінгі бейбіт күнді бізге сыйлаған алып техникалардың қасында туыстарымен, балаларымен бірге суретке түсу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Сол жағалау кешенінің орталықтағы басты сахнасында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.

 

– Құрметті өскемендіктер! Баршаңызды бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап кеткен ұлан-байтақ өлке – бізге және бізден кейінгі ұрпаққа аманат. Осы қасиетті мұрамызды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз, келешек ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бүгінгі аласапыран заманда еліміздің, жеріміздің тұтастығы, мемлекетіміздің бірлігі мен ынтымағы – ең басты құндылығымыз. Отанды қорғау – бәріміздің қасиетті парызымыз. Әскері күшті, шекарасы мықты елдің рухы да асқақ болмақ. Еліміздің Қарулы Күштері өздеріне жүктелген міндетті әрдайым абыроймен атқарып келеді. Бар ғұмырын әскери қызметке арнап және қойылған талапты мүлтіксіз орындап келе жатқан бүгінгі күннің батырларына алғысымыз шексіз. Барлық әскери қызметшілерді, ардагерлерді және облыс тұрғындарын мерекемен құттықтаймын және бейбіт те ашық аспан тілеймін! – деді  Жақсылық Омар.

Бұдан соң қала басшысы салтанатты шарада ерен еңбегімен еленген бірқатар әскери қызметшілерді, полиция, ТЖ саласы қызметкерлерін, белсенді студенттерді медальдармен, алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттады.

 Мерекелік концертке қаланың шығармашылық ұжымдары, ШҚО ПД хоры, 5518 және 27943 әскери бөлімдерінің оркестрі мен әртістері қатысты. Сондай-ақ әскери және мамандандырылған қызметтердің көрсетілімі және әскери киім-кешек пен қару-жарақ көрмесі этнопаркке жиналған барша жұртшылықтың назарына ұсынылды.

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында күні бойы жалғасып жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив