KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Жүз ауланың жолы жөнделеді – Өскемен

11.05.2023, 17:52 378 Оразай Жеңісұлы

Өскемен қаласының басшылығы аула жолдарын жөндеу бойынша бағдарлама дайындап жатыр.

Енді қасбеті жаңартылатын тұрғын үйлердің ауласына асфальт төселеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Ең нашар деген жүз ауланы таңдап, бір кезеңде асфальтты толығымен ауыстырамыз. Сонда ғана жұмыс өнімді болады. Бұған дейін болған аула шұңқырларын жөндеу жұмыстары біз күткен нәтижені бермеді. Жаңа бағдарлама әзірленген соң бірден іске кірісеміз, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Қала басшысының айтуынша, бұл жұмыс биыл басталып кетеді. Қаржы бөлу мәселесі қалалық мәслихаттың келесі сессиясында қаралады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив